Бензин бағасының қымбаттауына не себеп?

1393

Қазір орта есеппен ең өтімді АИ-92 маркасы 149-150 теңгемен сатылып жатыр. 

Бензин бағасының қымбаттауына не себеп?

Бензин бағасы қымбаттамайды, әзірге. Өсім жаңа жылға дейін болмайды. Бірақ, жанар-жағар май акцизінің алдағы уақытта артатыны туралы ақпарат көптің наразылығын туғызып үлгерді.

Бірқатар сарапшы мен кейбір экономистер "баға өсімінен қашып, құтылу мүмкін емес" дейді.

Atameken Business түрлі пікірлерді негізге ала отырып,  экономикалық тұрғыда сараптап көрді. Сонымен, өткен аптада Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бензин акцизінің бағасы литріне 10 теңгеге дейін көтерілетінін айтты.

Қаулы жобасы көптің талқылауына шығарылды. Егер қолдау тапса 1 желтоқсаннан бастап ішкі нарықтағы бензин бағасы 6%-ға өседі. Қазір орта есеппен ең өтімді АИ-92 маркасы 149-150 теңгемен сатылып жатыр. Жаңа талап енген соң, оның құны 8 теңгеге көтеріліп, литріне 158 теңгеге дейін баруы мүмкін. Министр бағаның өсуін әлеуметтік шығыстардың көбеюімен байланысты дейді. 

"Акцизға келетін болсақ, қазіргі таңда 1 лиртге акциздің ставкасы 8 теңге құрайды. Біздің жобаларымызға сәйкес, ол 10 теңгеге арттыру қажет. Оны талқылаймыз. Ресейдегідей болмайды. Өздеріңіз білетіндей Ресейде Қазақстаннан 2 есеге көп. Сондықтан менің ойымша болмайды",– дейді Руслан Дәленов.

Руслан Дәленов осылай дегенімен энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин бағасын кезең-кезеңімен шекаралас елдермен теңестірілетін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу