Бензин қымбаттай ма? – Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

99

Елімізде АИ-92 жанармайы мен дизель отынын қымбаттатуға енгізілген мораторий аяқталды.

Бензин қымбаттай ма? – Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады Фото: zr.ru

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов енді қандай өзгерістер болады деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Бұған дейін де есте болса, жанар-жағармай нарығы еркін айналымға жіберілген кезде баға күрт өскен жоқ. Бұл тек Энергетика министрлігінің ғана емес, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, әкімдіктер және басқа да мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының нәтижесі. Біз нарықты тұрақты бақылап отырмыз, бәсекеге қарсы әрекеттерге жол бермеуге тырысамыз, – деді Сұңғат Есімханов Үкімет үйінде өткен баспасөз мслихатында.

Оның айтуынша, жанармай бағасында күрт қымбаттау болмайды.

– Баға нарық деңгейіне біртіндеп бейімделуі мүмкін. Көрші елдерде жанармай бағасы әлдеқайда жоғары екенін өздеріңіз де көріп отырсыздар. Сондықтан аздап, біртіндеп өсуі мүмкін, бірақ күрт қымбаттау болмайды деп ойлаймын, – деп толықтырды вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу