Бензин мен дизель 14 күннен кейін таусылмайды – Энергетика министрлігі

929

Энергетика министрлігінен, 23-тамызда сағат 18:00 дейін келіп түскен ақпаратқа сәйкес, еліміздегі мұнай базалары мен жолда АИ-92 бензині 183,3 мың тонна, ал дизель отыны қоры 221,7 мың тонна бар екенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Бензин мен дизель 14 күннен кейін таусылмайды – Энергетика министрлігі

Кеше күндіз сала министрі Болат Ақшолақов қолда бар дизель мен АИ-92 бензині, шамамен, 14 күнге жететінін мәлімдеген.

Кешке қарай ведомстваның ресми сайтында алаңдауға негіз жоқ деген сыңайда түсіндірме жазылды.

Ақпаратқа сүйенсек, "күн сайынғы қорымыз осынша күнге жетеді" деген сөз "сонша күннен кейін бәрі таусылады" дегенді білдірмейді. Зауытта мұнай өңдеу процесі тәулік бойы тоқтамай жүріп жатады. Күн сайынғы қор үздіксіз толықтырылып отырады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу