Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты Шымкент әкімдігі пікір білдірді

523

Оқиғадан кейін күдікті қызметінен босатылған. 

Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты Шымкент әкімдігі пікір білдірді Фото: Мәжіліс

Оқ тиген Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов пен "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС директоры Ернар Жиембай арасындағы жанжал туралы ақпарат жоқ.

Бұл туралы Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасының Informburo.kz сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Берденов пен "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС директоры Жиембай арасындағы 10 күн бұрын болды делінген қандай да бір жанжал туралы расталған мәлімет жоқ", - делінген әкімдіктің жауабында. 

Ернар Жиембай 21 сәуірге дейін "Тұрғын үй Шымкент" мекемесінің директоры болды. Аталмыш компания Шымкент қалалық құрылыс басқармасына қарайды. Оқиғадан кейін күдікті қызметінен босатылғаны айтылған.

"Атқарылған құрылыс жұмыстарының сапасын, жобалау-сметалық құжаттаманың сәйкестігін, бюджет қаржысының тиімді әрі мақсатты пайдаланылуын тексеру мақсатында құрылыс басқармасы Шымкент бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС орындаған нысандарға тиісті тексеру жүргізу туралы өтінішпен ресми хат жолдады", - деп хабарлады Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы.

Айта кету керек, бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кеткенін хабарлағанбыз. Оған 4 сағат бойы ота жасалғанын және отадан соң есін жиғанын, сөйлей алатынын жазған едік. Берденовке жасалған шабуыл туралы түрлі жалған ақпарат тарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу