"Берешегі 3 миллион еуро": Ирандық ұшақ Ыстамбұл әуежайында тұтқындалды

1020

Бұған түрік компаниясының 3 миллион еуро көлеміндегі қарызды өндіріп алу туралы талап-арызы бойынша шығарылған сот шешімі себеп.  

"Берешегі 3 миллион еуро": Ирандық ұшақ Ыстамбұл әуежайында тұтқындалды Фото: airporthaber2.com

28 қыркүйекте Ыстамбұл әуежайында Иранның Caspian Airlines әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы тұтқындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Turkiye gazetesi басылымының жазуынша, несие беруші компанияның өкілдері заңгерлер мен сот орындаушылары – әуе компаниясының 3 миллион еуро көлеміндегі қарызына байланысты Ыстамбұл әуежайына келіп, Иранға ұшуға дайындалып жатқан (EP-KPB тіркеу нөмірі бар) әуе кемесінің ұшуына рұқсат бермеуді сұраған.

Жолаушылар ұшаққа мінгеннен кейін әуежайға несие беруші компанияның адвокаттары келіп, өз талаптарын осылайша қойған.

Осыдан кейін жолаушылар мен экипаж мүшелері ұшақтан түсіріліп, терминалға кері қайтарылған. Жолаушылар ұшақтан түсіп, терминалға жеткізілген соң, ұшақтың өзіне қатысты тәркілеу шаралары жүргізілді.

Ал, Иран тарапы мен Caspian Airlines әуе компаниясы бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу