Берік Шолпанқұлов Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды

749

Берік Шолпанқұлов 2019 жылғы наурыздан бастап Қаржы министрінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.  

Берік Шолпанқұлов  Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды

Дүйсенбіде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Шолпанқұловты Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары етіп тағайындау туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлады inbusiness.kz  Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", – деп жазылған Мемлекет басшысының сайтында жарияланған ақпаратта.

Берік Шолпанқұлов 2019 жылғы наурыздан бастап Қаржы министрінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. Әр жылдары ол Қаржы министрлігі қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы, қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу