Берлинде жүк көлігі қағып өлтіргендердің саны 12 адамға жетті

1064

Берлинде жүк көлігі қағып өлтіргендердің саны 12 адамға жетті

Берлиннің орталығында орын алған оқыс оқиғада қаза тапқандардың саны 12 адамға жетті. Онда жүк көлігі адамдарды қағып өткен болатын. Бұл туралы Берлин полициясы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазып отыр, деп хабарлайды РИА Новости. Сонымен қатар 48 адам ауруханаға жатқызылды. Бұдан бұрын  тоғыз адамның көз жұмып, 50 адамның жарақат алғаны хабарланған еді.

"Бүгін Брайтшайдплатцта 12 адамның өмірі қиылды, 48 адам ауруханада жатыр, кейбіреуінің жарақаты ауыр", – деп хабарлайды Берлин полициясы.

Жүк көлігі Берлиндегі рождестволық жәрдеңкеде жүрген бұқараға тап берген. Көлікпен жасалған шабуылдан тоғыз адам көз жұмып,  50 адам жарақат алды. Полиция жүк көлігінің жүргізушісі делінген адамды ұстады, ал қасындағы екінші қаскөй қайтыс болды. Полиция  қылмыстың не себепті жасалғаны әзірше белгісіз деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу