Бес мыңға жуық қазақстандықтың жалдау төлемін субсидиялау мақұлданды

600

Жалдау төлемдерін субсидиялауға 19 мыңнан аса өтінім берілген. 

Бес мыңға жуық қазақстандықтың жалдау төлемін субсидиялау мақұлданды

2022 жылғы 7 маусымдағы жағдай бойынша берілген өтінімдер саны – 19 285, олардың 4750-і мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

10 117 өтініш қабылданбады. Бас тарту себептері әртүрлі. Олардың көпшілігі тіркеу кезінде СМС арқылы жіберілген кодты енгізбеген. Өтінім қабылданбауының жиі кездесетін себептері: жеке куәлігінің жарамдылық мерзімінің өтіп кетуі, өтінім берушінің атына тіркелген жылжымайтын мүліктің болуы, үй кезегіне тіркелмегені, Мемлекеттік кірістер комитетінде қарызының болуы, оларға төлем талабы-өкімдерінің берілгені. Әзірге қабылданбаған өтінімдер арасында:

  • Алушының немесе отбасы мүшелерінің деректерін тексеру бойынша – 836,
  • Табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен асып кетуі – 782,
  • Қатысушының өзі күшін жойғандар – 1 887 және т.б бар
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу