Бес облыста тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі төмендеді

Оның үшеуі республиканың батысында орналасқан аймақтар.  

 Бес облыста тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі төмендеді Фото: aqtobegazeti.kz

2022 жылдың 10 айында Атырау облысында инвестиция көлемі 63,4 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 45,4%-ға аз. 

Негізгі себеп – жергілікті бюджеттен осы мақсаттарға жұмсалатын шығындардың қысқаруы. Егер 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында көрсеткіш 53,6 млрд теңгені құраса, қазір ол 3,9 млрд теңгеге жетпейді.

Батыс Қазақстан облысында да осындай жағдай: бюджеттік инвестициялар (жергілікті және республикалық) бір жылда 10,6 млрд теңгеден 3,7 млрд теңгеге дейін қысқарды, нәтижесінде тұрғын үй құрылысына жалпы инвестиция көлемі 48,2 млрд теңгеден 39 млрд теңгеге дейін азайды.

Жамбыл облысында бір жыл ішінде жергілікті бюджеттен тартылған инвестиция 18,2 млрд теңгеден 11,7 млрд теңгеге дейін азайған. 

Ақтөбе облысында төмендеу (86 млрд теңгеден 78,2 млрд теңгеге дейін) жеке инвестициялардың қысқаруына байланысты болды. Ұлытау өңіріндегі көрсеткіштердің екі есеге дерлік (44,5%-ға 3,9 млрд. теңгеге) төмендеуіне не әсер еткенін айту қиын: 2021 жылы бұл аймақ болған жоқ, сәйкесінше ашық дереккөздерде ақпарат жоқ.

Жалпы 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанда тұрғын үй құрылысына 2,22 трлн теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,3%-ға немесе 356 млрд теңгеге артық. Салыстырмалы түрде ең көп өсім Шымкент қаласында (+ 57,7% немесе 165,2 млрд теңгеге дейін) тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу