Бес өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

791

 Бес өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірқатар облысында су тасқыны мен су деңгейінің көтерілу қаупі салдарынан ескерту жарияланды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

"1 мамыр күні жаңбырға байланысты Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары өзендерінде судың деңгейі көтеріледі, су тасқынының қаупі бар", – деп хабарлады синоптиктер.

Сондай-ақ, Қостанай облысында 29 сәуірде күн күркіреп, найзағай ойнайды және бұршақ жауып, жел тұрады. Желдің жылдамдығы 15-20, күндіз оның екпіні 25 м/с болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу