Бесік жырын айтудан сайыс өтті

1110

Бесік жырын айтудан сайыс өтті

"Әлди әнге саламын". Осындай тақырыппен Атырау облысы Индер ауданында бесік жырын айтудан сайыс өтті, деп хабарлайды atpress.kz.

Сахна төрінде сайыскер келіндер баланы бесікке салу рәсімін жасап, бесік жырын айтты, танымдық сауалдарға жауап берді. Нәтижесінде бас жүлдені Индер аудандық шығармашылық орталығының мұғалімі Бақытгүл Сапанова жеңіп алды. 

Жүлделі орындарды Лаура Күнтуова (Бөдене), Рима Қабдешова (Өрлік), Марал Айлашева (Көктоғай) иеленді. 

Байқауды Индер аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Жеміс Тілепқалиева қорытындылап, жүлдегерлерді табыс етті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу