Бестеректегі қайғылы оқиғадан аман қалған кішкентай қыз Семейге жеткізілді

174

Абай облысы Үржар ауданының Бестерек ауылында болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен үш баланың біреуі медициналық авиация арқылы аудандық ауруханадан Семей медицина университеті госпиталінің балалар бөлімшесіне жеткізілді.  

Бестеректегі қайғылы оқиғадан аман қалған кішкентай қыз Семейге жеткізілді Фото: Жетінші арна

Бұл туралы Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жарақатының ауырлығына және тасымалдау кезінде өміріне қауіп төндіру ықтималдығына байланысты бірден облыс орталығына жеткізу мүмкін болмады.

Үнемі бақылау мен тексерулерден кейін жағдайы әуе көлігімен тасымалдауға жарамды деп танылып, Семейге жеткізу туралы шешім қабылданды.

– Семей медицина университеті госпиталінің дәрігерлері, атап айтқанда, госпиталь директорының педиатрия жөніндегі орынбасары, Абай облысының штаттан тыс бас анестезиологы Дулат Каримов және балалар травматологиясы бөлімінің меңгерушісі, облыстың штаттан тыс бас нейрохирургі Жасұлан Асетов алғашқы күннен бастап Үржар аудандық ауруханасында көмек көрсетіп, баланы облыс орталығына жеткізді. Университет госпиталінде заманауи құрылғылардың көмегімен науқастың жағдайы жан-жақты тексеріліп, тиісті емдеу шаралары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен Семей медицина университеті басшылығы тарапынан зардап шеккен балаға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Қазіргі уақытта зардап шеккен бала Анестезия, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде ем қабылдап жатыр.

Баланың жағдайы облыс әкімі Берік Уәлидің жіті бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу