Бестөбедегі "Новая" шахтасынан ер адамның мәйіті табылды

167

Қылмыстық іс қозғалды.  

Бестөбедегі "Новая" шахтасынан ер адамның мәйіті табылды  Фото: canva

"Қазақалтын" кәсіпорнына қарасты Бестөбе кентіндегі "Новая" шахтасына заңсыз кірген ер адамның мәйіті табылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қайғылы оқиға 18 қаңтарда болған. Қаза тапқан азамат Степногор қаласының 35 жастағы тұрғыны, жұмыссыз ретінде тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам күзетілетін нысан аумағына рұқсатсыз кірген.

"Бестөбе кентіндегі "Новая" шахтасының 610-шы горизонты деңгейінде мәйіттің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары басталды.

ҚР ҚК 269-1-бабының 3-бөлігі (күзетілетін нысанға заңсыз кіріп, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу