Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлап, анасының еміне ақша берді

364

Жас қыз оқуын тастауға мәжбүр болған.

Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлап, анасының еміне ақша берді Фото: Бейнежазбадан

Бетперде киген жігіт 16 жастағы Нұранаға пәтер кілтін сыйлап, оның дертке шалдыққан анасының еміне ақша берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

Нұрананың айтуынша, анасы қатерлі ісікке шалдыққан, ал әкесі қайтыс болған. Олардың өз үйлері болмағандықтан, сарайда тұруға мәжбүр болған.

"Үш жыл бұрын мектепті тастауға мәжбүр болдым. Себебі анам науқастанып қалған еді. Жүк тасушы болып жұмыс істеймін. Картоп, бұршақ, құлпынай жинаймын. Мен оқығым келеді, жұмысымды тастауды армандаймын. Анамның жазылып кеткенін қалаймын. Бұл мен үшін өте маңызды. Әр нәрсенің өз уақыты бар екенін білемін. Қиын күндерден кейін әрдайым жеңілдік болатынын да", – деді ол.

Бетперде киген жігіт 16 жастағы қыздың оқуына, анасының еміне және қажылыққа баруға ақша берді. Сонымен қатар пәтер кілтін табыстады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу