"Бетперде киіп, қарумен қорқытты": Тараздық тұрғын полицияға жалған хабарлама берген

148

Таразда полицияға жергілікті тұрғын өзіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түсірген.    

"Бетперде киіп, қарумен қорқытты": Тараздық тұрғын полицияға жалған хабарлама берген Фото: Видеодан скриншот/polisia.kz

Арыз берушінің айтуынша, бетперде киген белгісіз ер адам үйіне кіріп, қарумен қорқытқан, қолдарын байлап, алтындары мен ақшасын алып кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ауыр қылмыс туралы хабарламадан соң шұғыл түрде іс-шаралар басталған. Полиция қызметкерлері тергеп-тексеруді бастап, жедел қызметтер жұмылдырылды, тергеу және іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Алайда көп ұзамай күтпеген жайт анықталды. Белгілі болғандай, ешқандай да шабуыл жасалмаған. Полицейлер анықтағандай, әйел адам күйеуімен жанжал туындамас үшін қарақшылық шабуыл туралы оқиғаны ойдан шығарған.

Шын мәнінде ол алтын әшекейлерін бірнеше 1 ай бұрын күйеуіне айтпай сатып жіберген.

Қылмыс туралы көрiнеу жалған хабарлама беру дерегі бойынша тергеу амалдары басталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу