Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 11:09-да ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан.
Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендіктің 41.357° және шығыс бойлықтың 78.778°.
Мамандар Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу