Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады

163

Солтүстікте күн салқындап, оңтүстікте аптап ыстық сақталады.  

Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады Фото: kaz.tengrinews.kz

Қазақстанның солтүстігі мен батысының кей өңірлерінде аптап ыстықтың беті қайтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Ал оңтүстік аймақтарда күн ыстық болып, кей жерлерде өткінші жаңбыр мен екпінді жел күтіледі.

Астанада күн ала бұлтты болады, жауын-шашын болжанбайды. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +11, +13°C, күндіз +26, +28°C болады.

Алматыда да күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +23, +25°C, күндіз +34, +36°C аралығында болады.

Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 8-13 м/с болады. Түнде ауа температурасы +22, +24°C, күндіз +38, +40°C-қа дейін көтеріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу