25 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы әртүрлі болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Астанада күн ала бұлтты болады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +7; +9°С, күндіз +13; +15°С болады.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде +12;.+14°С, күндіз +23;+25°С болады.
Шымкентте де жауын-шашын күтілмейді. Күн ала бұлтты болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с болады. Түнде ауа температурасы +12;+14°С, күндіз +25; +27°С-қа дейін көтеріледі.