Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – "Қазгидромет"

643

Қазгидромет 18 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады  – "Қазгидромет"

 

Бұл күні еліміздің басым бөлігінде қар жауады, батыста, солтүстік-батыста жауын–шашын (жаңбыр, қар) болады. 

Моңғол антициклонының әсерінен ҚР орталығында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігіндегі таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Атырау, Алматы, Қостанай, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында тұман болады.

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында – көктайғақ. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында жаяу бұрқасын күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу