Антицклон жотасы Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа-райын сақтайды.
Елдің қалған аумағында солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалымен жаңбыр жауады.
Синоптиктердің болжауынша, батыста жаңбыр құйып, түнгі уақытта оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр аралас қар жауады.
Республика бойынша тұман түсіп, елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшеюі мүмкін.
Астанада көшпелі бұлт болады, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -2°С-тан -4°C-қа дейін, күндіз +11°C-ден +13°C-қа дейін көтеріледі.
Ал Алматыда аздаған жаңбыр жауады. Түнде +7°C +9°C, күндіз +15°C-ден +17 градусқа дейін жылы болады.
Шымкент қаласында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +9°С-тан +11°C-қа дейін, күндіз +19°C-ден +21°C-қа дейін болады.
Таразда найзағай ойнап, жауын жауады. Ауа температурасы +15+17°C-ді көрсетеді.
Қызылордада күн бұлтты, күндіз +17+19°C-қа дейін болады.