БҒМ: Колледждерде мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайтылады

975

Биыл 120 мыңнан астам қазақстандық тегін техникалық және кәсіптік білім ала алады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

БҒМ: Колледждерде мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайтылады

"Колледждерде білім алуға мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайтылады. Биыл 120 мыңнан астам қазақстандық тегін техникалық және кәсіптік білім ала алады. Бұл 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда 25 мыңға көп", – деді Шолпан Каринова.

Спикер колледждерге қамқорлық жасауды ұйымдастыру және дуальды оқытуды кеңейту үшін кәсіпорындармен өзара байланысты арттыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар биыл кемінде 70 мың мұғалім жаңа білім беру бағдарламалары бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.  

"Маңғыстау, Атырау, Алматы және Түркістан облыстарына үздік мұғалімдерді тарту үшін арнайы бағдарлама жүзеге асырылады. Оларға айтарлықтай әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, жалақы мөлшерлемесін арттыру, жалға берілетін тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерді төлеу. Бұл іс-шаралар аталған өңірлердегі білім сапасының алшақтығын азайтуға бағытталған", – деді бірінші вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу