БҒМ вице-министрі: Қателер үшін балалардан, ата-аналардан кешірім сұраймыз

1204

Шолпан Каринова телеарналар арқылы өтетін сабақтарда мұғалімдердің жіберген қатесіне баға берді.

БҒМ вице-министрі: Қателер үшін балалардан, ата-аналардан кешірім сұраймыз

"Қателерді көріп отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, қашықтықтан оқыту бізге бір сәтте келді. Мұғалімдер де, мектептер де білім берудің бұндай түріне дайын емес еді. Мұғалімдердің қобалжуы байқалды. Екі аптада 700-ден астам сабақ көрсетілді. Олардың басым көпшілігі мұғалімдердің демалыс күндерінде түсірілген болатын. Бұл жіберілген қателер үшін балалардан, ата-аналардан кешірім сұраймыз. Осы қатеден екі сабақ барлық каналдардан алынып тасталды. Олар қайта түсіріліп, YouTube арнасына жүктелді. Ары қарай тексеру жұмыстарын күшейтіп, бұндай қателерді болдырмаудың барлық шаралары іске асуда", – деп айтып өтті вице-министр.

БҒМ вице-министрі сөзінде бұдан былай бейне сабақтар экранға шығарар алдында үш мәрте тексерілетініне сендірді.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу