BI Group холдингте жүргізіліп жатқан тексерулерге түсініктеме берді

926

БАҚ бетінде BI Group компаниясында жаппай салықтық тексеру жүргізіліп жатқаны жазылды. Холдинг бұл тексеру "әдеттегі тексеру" дегенді айтады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

BI Group холдингте жүргізіліп жатқан тексерулерге түсініктеме берді

"Бірқатар бұқаралық ақпарат құралы атап өткен тексерулер заңға бағынатын барлық салық төлеушілер үшін жыл сайын және тұрақты болып тұрады", – делінген хабарламада.

Компанияның жазуына қарағанда, 2021 жылы олар мемлекет қазынасына 47 млрд теңге салық төлеген. 2019-2021 жылдары шамамен 100 млрд теңге салық төлеген. 

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин аталмыш компания Нұр-Сұлтан қаласында үстемдік орнатқанын айтқан.

Inbusiness.kz тілшісі компанияның акционері Айдын Рахымбаев компанияны "монополист" деп атайтындарға жауап бере отырып, манипуляцияға барғанын анықтаған. 

Жамбыл Ахметбеков бастаған мәжіліс депутаттары Бас прокуратура мен Үкіметтен холдингті тексеруді сұраған. 

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу