Биатлоннан әлем кубогі бойынша үздіктер анықталды

702

Германияның Оберхоф аймағында биатлоннан әлем кубогінің бесінші кезеңі басталды. Әлемдік жарыстың алғашқы күнінде әйелдер арасында спринт бойынша бәсеке өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Биатлоннан әлем кубогі бойынша үздіктер анықталды

Жарысқа қатысушылар 7,5 км қашықтықты бағындырды. Нәтижесінде, норвегиялық Тириль Экхофф мәре сызығын бірінші болып кесті. Швециялық Ханна Эберг екінші болса, австриялық Лиза Тереза Хаузер үздік үштікті қорытындылады. 

Қазақстандық спортшылар ішінде Елизавета Бельченко мәреге 42-ші болып жетті. Людмила Ахатова 82-ші, Анастасия Кондратьева 98-ші болды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу