Биатлоннан Мухин мен Климина топ жарды

760

Щучинскте биатлоннан Қазақстан кубогінің екінші кезеңі басталды. Бүгін, 29 наурыз күні жекелей сайыс бойынша үздіктер анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.  

 Биатлоннан Мухин мен Климина топ жарды

Ерлер арасында Ақмола облысының өкілі Александр Мухин үздік атанды. Павлодарлық Максим Браун екінші, СҚО спортшысы Сергей Сирик үшінші болды. 

Ал әйелдер арасында павлодарлық Дарья Климина мәре сызығын бірінші болып кесті. ШҚО өкілі Галина Вишневская-Шепоренко екінші, оның командаласы Елизавета Бельченко үздік үштікті қорытындылады.   

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу