Бибісара Асаубаева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

785

Польша астанасы Варшава қаласында шахматтың рапид және блиц түрінен әлем чемпионаты жалғасуда. Байрақты бәсекеге қатысып жатқан Қазақстан спортшысы Бибісара Асаубаева жылдам шахматтан күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Atameken Business.

Бибісара Асаубаева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Шешуші ойында отандасымыз жеңімпаз атанған ресейлік Александра Костенюкке жарты ұпай айырмашылығымен есе жіберді. 11 тур қортындысы бойынша 16 жасар жерлесіміз 7 кездесуде жеңіске жетті. 3 ойында тең түскен ол тек бір бәсекеде қарсыласына жол беріп қойды.

Алғашқы үштікті тағы бір Ресей елінің өкілі Валентина Гунина қортындылады.

Қазақстан құрамасының қалған спортшыларына келсек. Әсел Серікбай жалпы есепте 5-орын алса, Жансая Әбдімәлік, Меруерт Камалиденова және Назерке Нұрғали алғашқы 10 мықтының сыртында қалды.

Аламанға қатысып жатқан қазақстандық спортшылар енді блиц-турнирге қатысып, жүлделер үшін талас жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу