Бибісара Асаубаева әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірін жеңді

Мәскеуде өтіп жатқан "Шахмат жұлдыздары" атты халықаралық турнирде сенсация болды.  

Бибісара Асаубаева әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірін жеңді Фото: Google

Блицтен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева рапидте халықаралық байқаудың ең мықты шахматшысы Сергей Карякинді жеңді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Бибісара Асаубаеваның қарсыласы әлемдегі ең мықты гроссмейстерлердің бірі.

Қазіргі уақытта оның 2 739 ұпайы бар.

Соған қарамастан қазақстандық шахматшы жеңіске жетті.

"Жалпы мен жақсы ойнадым, өзімнің нәтижеме көңілім толады. Әрине, біраз серпіліс пен құлдырау болды. Мен бір ғана рет Асаубаевадан жеңілдім, бірақ ол өте жақсы ойнайды, ол әлем чемпионы, сондықтан жеңілісіме ұялмаймын. Қалған ойындарда бір жерде жолымыз болды, бір жерде қолымыздан келмеді, бірақ тұтастай алғанда бәрі жақсы", - деді Карякин ойыннан кейін ТАСС агенттігіне берген сұхбатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу