Қазақстан аумағына автокөлікпен бидай әкелуге тыйым салу ұзартылды

424

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан аумағына автокөлікпен бидай әкелуге тыйым салу ұзартылды Фото: inbusiness.kz

Бидайдың "сұр импортын" болдырмау үшін 2023 жылғы 26 қыркүйектегі ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен ағымдағы жылдың 11 қазанынан бастап 6 ай мерзімге Қазақстан аумағына автокөлікпен бидай әкелуге тыйым салу ұзартылды.

Бұдан басқа, 2023 жылғы 26 қыркүйектен бастап лицензияланған элеваторларға, сондай-ақ астық өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындарына арналған астық импортын қоспағанда, темір жол көлігімен бидай әкелуге 6 ай мерзімге тыйым салынды.

Лицензияланған элеваторлардың тізбесі сайтта орналастырылған: https://p-grain-receipt.qoldau.kz/ru/gr-info/granaries. Астық өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындарының тізімін "Атамекен" ҰКП қалыптастырады және өзектендіреді.

Айта кетейік, темір жол көлігімен әкелуге енгізілетін шектеулер Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдарға қолданылмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу