Бидайдың экспорттық бағасы бір жылда 10%-ға көтерілді

578

Өткен жылдың 12 айында елімізден экспортқа 1,9 млрд долларға 6,3 млн тонна бидай мен меслин жіберілді. 

Бидайдың экспорттық бағасы бір жылда 10%-ға көтерілді Фото: Егемен Қазақстан

Заттай өсім 9,7%-ды құраса, ақшалай өсім 33,8%-ға тең, деп жазады inbusiness.kz www.energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, экспортқа шығарылған өнімнің басым бөлігі ТМД елдеріне жөнелтілді: 4,7 млн тонна, +12,1%. Оның ішінде өнімнің айтарлықтай көлемі Өзбекстанға экспортталды: 824,8 млн долларға 3 млн тонна астық. Үздік үштік қатарында Тәжікстан мен Түрікменстан да бар.

ТМД құрамына кірмейтін елдерге 1,7 млн тонна бидай мен меслин жеткізілді. Бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,5%-ға артық. Экспорттың басым бөлігі Ауғанстанға тиесілі болды: 194,3 млн долларға 686,7 мың тонна. Көшбасшылар үштігіне Иран мен Италия енді.

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, өткен жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша бидай мен меслинге экспорттық жеткізілім бағасы бір айда 1,1 пайызға, бір жылда 10 пайызға көтерілген. ТМД елдері үшін бағалар жылдық динамикада 2,8%-ға, қалған елдерге 24,6%-ға артты.

Биылғы қаңтарда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар мен тұқым шаруашылығы саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 14,8 млрд теңгеге жетті. Бұл былтырғыға қарағанда құндық мәнде 14,9%-ға көп.

Капитал салымдарының ең көп бөлігі республиканың астықты өлкелеріне – Солтүстік Қазақстан (5,8 млрд теңге), Ақмола (3,9 млрд теңге) және Қостанай (3 млн теңге) облыстарына тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу