Билік квазимемлекеттік секторды жоғары жалақы мен бонустардан айырмақшы

458

Билік квазимемлекеттік секторды жоғары жалақы мен бонустардан айырмақшы. Салада түбегейлі реформа жүргізіп, заңға өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр. Бұл іске Президенттің пәрменінен кейін Ұлттық экономика министрлігі белсене кіріскен. Өздерінің есептері мен ұсыныстарын да жеткізген. 

Билік квазимемлекеттік секторды жоғары жалақы мен бонустардан айырмақшы

Елімізде 5 582 квазимемлекеттік субъекті бар. Алайда, жалпы санының 96 пайызы ел қазынасын көбейтуге үлес қосып отырған жоқ. Жақында Ұлттық экономика министрі Қуантыровтың командасы Тоқаевтың пәрменінен кейін осы секторды түгендеп шыққан еді. Мынау соның нәтижесі.

Бұл іске халықаралық сарапшылар да араласты. Көзбен көрген соң, бас шайқап қалған. Себебі, елімізде квазимемлекеттік сектор жүгенсіз кеткен. Басқару саясаты мүлде жоқ. Оны сезген шенділер мекемелер, кәсіпорындар, ұлттық компаниялар, холдингтер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құрып алған. Бұларды мемлекет қаржыландырады.

Бұл ұйымдардың біразының атқаратын қызметі ұқсас. Экономикалық қызметпен айналыспайды. Кірістің 90%-дан астамын тікелей бюджеттен немесе мемлекеттік сатып алу арналары арқылы жанама жолмен алады. Бұл ұйымдар кейде жеке сектормен бәсекелеседі және кәсіпкерліктің мүмкіндіктерін шектейді. 

Квазимемлекеттік сектордағы былықты сарапшы Талант Қалиева беске біледі. Өйткені кезінде 600 субьектіде аудит жүргізген. 

"Бұл жерде басқару мәселесі бар. неге пайда келтіреді,неге пайда келтірмейді деген тұста осындай да жағдай бар. 21,59 Мен мысалы Бәйтерек пен Қазагроны қосқан кезде менің өзім маман ретінде құптамадым. Себебі бұрынғы болған мәселелер анықталмай қалады. Ол сол шешілмеген күйі жалғасып кете беруі мүмкін. 23,02 айтамыз ғой. Жобалар ашылды. Жобалар ашты деп айтады. Ал бірақ аяғы түсінікісіз", дейді сарапшы Талант Қалиева.

Осындай майшелпек ұйымдарға билікке қатысы бар ығай мен сығайлар жақын. Акционерлік қоғам және Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі деген статус арқылы басшылықтары мен қызметкерлері бірқатар жеңілдіктерге ие. 

Ұлттық экономика министрлігі саланы реформалаудың 4 жолын ұсынды. Соның негізінде сектор жоғары жалақыдан, бонустардан айрылуы мүмкін. Әлеуметтік пакеттер көзден бұл-бұл ұшады. 

Ал есебін түгендеп, ебін тауып бұған дейін мәселені Парламент қабырғасында талай көтерген экс-депутат Нұртай Сәбиляновтың өз ұсынысы бар. Сөзінше, алдымен субъектілердің жарғылық капиталына ақша бөлуді доғарып, бақылауды күшейту қажет. 

"Квазимемлекеттік субъектілерге шетелден қарыз алуға тыйым салу керек. Мысалы қазавтожол, Қазсушар жеке алған. Олар ешқандай да мәжілісте талқынбаған, Парламентте талқыланбаған. Үкіметтен рұқсат алады да ары қарай ала береді. Міне бізде бақылаусыз кетіп жатқан экономика осылай. Ал одан кейін қарыз көбейеді. Одан кейін қайдан даму болады. Егер тиімділік болмаса қысқарту керек. Сосын Мемлекеттің ақшасын талан таражға салғаны үшін басшылықты жауапқа тарту керек", дейді экономист, кәсіпкер Нұртай Сәбилянов.

Бүгінге дейін "қағанағы қарық, сағанағы сарық" болып келген квазимемлекетік сектордың жұмысын реттеу үшін билік тиісті заңға да өзгеріс енгізбекші. 

Арай Сүгірбай 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу