Билік ШЫҰ саммиті кезінде Бішкек тұрғындарына Ыстықкөлде демала тұруды ұсынды

258

Маңызды шараларға қатысу үшін бір мезетте 21 мемлекеттің басшылары келеді.  

Билік ШЫҰ саммиті кезінде Бішкек тұрғындарына Ыстықкөлде демала тұруды ұсынды Фото: kabar.kg

30-31 тамыз және 1 қыркүйек күндері Бішкек қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті және Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсімі өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Көптеген жоғары мәртебелі қонақтарды қарсы алуға байланысты, басты көшелер жиі жабылады.

Мұндай өтінішті Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов жариялады. Оның айтуынша, елге алғаш рет бір мезетте 21 мемлекеттің басшылары келеді, кейбірі жұбайларымен бірге ұшып сапарлайды.

"Осыған байланысты Бішкек тұрғындарына өтініш білдіреміз, мүмкіндігінше бұл күндерді Ыстықкөлде немесе басқа демалыс орындарында өткізіңіздер. Әйтпесе, ең алдымен өздеріңізге қолайсыздық туындайды, себебі 3 күн бойы қаладағы жолдар жиі жабылып тұрады", – деді Асқат Алагөзов.

Сонымен қатар, Бішкекте оқу жылының басталуы кейінге шегерілді. Мектеп оқушылары мен студенттер сабаққа 15 қыркүйектен бастап кіріседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу