Білім беру саласындағы қызметтер бағасы 15%-ға өсті

Қызметтерінің басым бөлігі бюджет қаражаты есебінен көрсетілді. 

Білім беру саласындағы қызметтер бағасы 15%-ға өсті Фото: ranking.kz

Ranking.kz таратқан ақпаратқа сүйенсек, ең жоғары өсім Атырау облысында тіркелген. Баға бір жылда 60,4% қымбаттады. Одан кейінгі орында Түркістан (28,2%), Қарағанды (21,9%), Шығыс Қазақстан (19,9%) және Павлодар (19%) облыстары тұр. Ең аз жылдық баға өсімі Алматы облысында тіркелді: 5,3%.

Қызмет түрлері бойынша: мектепке дейінгі және бастауыш білім 11,1%, орта білім – 9,6%, кәсіптік орта білім – 20,2%, жоғары білім – 17%, ересектерге арналған білім – 15,9% бағасы айтарлықтай өсті.

2022 жылдың ІІІ тоқсанында білім беру саласында көрсетілген қызмет көлемі 949,8 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 17,4% жоғары.

Қызметтерінің басым бөлігі бюджет қаражаты есебінен көрсетілді. Бұл мақсатта 836,6 млрд теңге қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу