Арқалық қаласының прокуратурасы білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргізіп, зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкерлердің еңбек құқықтары бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тексеру барысында ұжымдық шарттарда көзделген өтемақылардың төленбеуіне және еңбек қатынастарын тоқтатудың тиісті түрде рәсімделмеуіне қатысты 35 заңбұзушылық дерегі анықталды.
Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде 35 қызметкерге жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам өтемақы төленді.
Сонымен қатар заңда көзделген жауапкершілікке білім беру ұйымдарына бағынысты 11 ұйымның басшысы тартылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу