Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізіледі

1192

Депутаттар мұрындық болған құжатқа сәйкес қазір бюджеттік негізде білім алатын студенттер оқудан кейін 3 жыл жұмыс тәжірибесімен оны өтеуі керек. 

Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізіледі

Ақылы негіз бен мемлекеттік грантта оқитындар үшін жеңілдіктер жасалмақ. Ол үшін қажетті өзгерістер қарастырылған заң жобасын Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Аtameken Business.

Депутаттар мұрындық болған құжатқа сәйкес қазір бюджеттік негізде білім алатын студенттер оқудан кейін 3 жыл жұмыс тәжірибесімен оны өтеуі керек. Көбі қулыққа барып, оқудың аяқталуына жарты жыл қалғанда ақылы негізге ауысып, міндетінен құтылып кетеді. Ал керісінше алғашқы күннен ақылы негізде оқып соңғы кезеңде грантқа ауысқандарға мемлекет алдындағы борышы толық өтелуі жүктеледі. Мұны әділетсіз деп тапқан депутаттар өз ұсыныстарын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу