Білім министрі мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады

2285

Ол мұғалімдерің қажырлы, құрметті, жауапты жұмыстары үшін алғыс білдірді. 

Білім министрі мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады

"Қадірлі ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әлемдегі ең асыл мамандық иесі - Мұғалім. Сіздер балаларға өмір бойы өздерімен бірге алып жүретін, болашағын және шынайы өмір жолдарын қалыптастыруда ең қажетті білімді бересіздер", - деп жазды министр өзінің Facebook парақшасында. Ол мұғалімдерің қажырлы, құрметті, жауапты жұмыстары үшін алғыс білдірді. "Оқушылардың әрқайсысына деген мейірімділік, парасаттылық және кәсібилік сіздерде жеткілікті, сонымен қатар оларға деген махаббаттарыңыз жүректеріңізден өшпесін. Біздің өмірімізде әрқайсымыздың білімге деген құштарлығымызды оята білген Ұстазымыз бар десек, оларға өмір бойы алғыс білдіру маңызды деп есептеймін. Сыныпта отырған әр оқушы өзін дарынды, ақылды және ерекше бала екенін сезіне білсе, мұны мұғалімнің таланты деп білуіміз керек. Біздің елімізде талантты ұстаздар өте көп, олардың арқасында еліміз үлкен жетістіктерге жетуде", - деді А. Аймағамбетов.

Айта кетейік, қазанның алғашқы жексенбісінде Қазақстанда Мұғалімдер күні аталып өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу