Билл Гейтс ең бай адамдардың тізімінде қайтадан көш бастады

856

Билл Гейтс ең бай адамдардың тізімінде қайтадан көш бастады

Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос Forbes The World's Billionaires нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адамдардың рейтингіндегі бірінші орнынан айырылып қалды. Ол бұл орынға небәрі бір-ақ күн ие болды, деп хабарлайды egemen.kz.
Мәліметтер бойынша, Microsoft басшысы Билл Гейтс қайтадан жетекші орынға шықты. 28 шілдедегі жағдай бойынша Безостың байлығы 543 миллион долларға түсіп қалып, 88,7 миллиард долларға бағаланып отыр. Гейтстің капиталы 89,8 миллиардты құрайды. Ал Bloomberg Безосты 89,3 млрд долларға, Гейтсті 90,7 млрд долларға теңеп отыр. Безостың жетекшіліктен түсіп қалуына Amazon-ның акциясы құлдырауы себеп болды. Бұл тізімде үздік үштікті (Forbes, Bloomberg нұсқасы бойынша) Inditex холдингінің басшысы Амансио Ортега түйіндеп отыр.  Безостың әлемдегі ең бай адам екені бүгін ғана хабарланған болатын. Кеше, яғни 27 шілдеде оның жағдайы 90,5 млрд долларға бағаланды. Бұл Билл Гейтстің дәулетінен 500 млн-ға көп.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу