Билл Гейтс Моңғолияға бейресми сапармен келді

124

Ресми дереккөздің мәліметінше, кәсіпкердің жеке ұшағы 9 тамызда Буянт-Ухаа әуежайына қонған.  

Билл Гейтс Моңғолияға бейресми сапармен келді Фото: facebook.com/MongoliaPressMP

Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс өткен аптада Моңғолияға барып, Баян-Өлгий, Дундговь және Дорнод аймақтарына сапар шекті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Билл Гейтс Моңғолияға серіктерімен бірге келген. Қазіргі уақытта ол елдің батысындағы Баян-Өлгий аймағында жүр. Бекітілген маршрутқа сәйкес, миллиардер бұдан кейін орталықтағы Дундговь өңіріне және шығыстағы Дорнод аймағына баруды жоспарлап отыр", – деп жазды MongolianNews.

Әзірге Билл Гейтстің Моңғолияға сапарының нақты мақсаты мен оның қашан аяқталатыны туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Миллиардер Моңғолияға өзінің флагмандық Gulfstream G650ER алыс қашықтыққа арналған бизнес-джетімен келген. Ұшақ N887GV тіркеу нөмірімен (сериялық нөмірі – 6357) Mente LLC компаниясының атына рәсімделген. Бұл компания Билл Гейтстің әуе паркін басқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу