Binance ресейлік банк карталарының операциясына шектеу қойды

1370

Биыл 10 наурыздан бастап Binance криптовалюта биржасы сандық ақшаны тікелей сатып алу және сату транзакциясын, әрі Ресейде шығарылған Mastercard және Visa карталарына тікелей рубльді алу және қызметін шектеді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Binance ресейлік банк карталарының операциясына шектеу қойды

Биржа мәліметінше, 2022 жылғы 10 наурызда сағат 00:00-ден (Мәскеу уақыты бойынша) бастап, төлем жүйелерінің соңғы шешіміне сәйкес Ресейдегі операцияларды тоқтата тұру өзгеріс күшіне енеді.

"Санкция салынбаған банктердің карталары бойынша P2P арқылы криптовалютаны сатып алу және сату қызметі жалғасады", – деп жазылған хабарламада.

Осылайша, Binance барлық ресейлік банк картасын (Mastercard және Visa жүйелері) пайдаланушылар үшін биржада криптовалютаны сатуды шектейді. Бірақ жеке тұлғалар арасындағы сату секциясында шектеу тек санкция салынған банктерге қатысты болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу