Binance-тың бас директоры қызметінен кетті

350

Бұл туралы Чжао X әлеуметтік желісінде жазды.

 Binance-тың бас директоры қызметінен кетті Фото: Binance

Binance криптовалюта биржасының бас директоры Чанпэн Чжао қызметінен кетті. Оның орнына аймақтық базарлардың бұрынғы басшысы Ричард Тенг келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгін Binance-тың бас директоры қызметінен кеттім... Мен біраз қателіктер жібердім және жауапкершілікті өз мойныма алуым керек. Бұл қауымдастық үшін және өзім үшін ең дұрыс қадам", деді Чжао X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Ол компанияға "қажет болған жағдайда" кеңес беруге дайын екенін атап өтті.

Айта кетейік, 21 қарашада The Wall Street Journal журналы Чанпэн Чжаоның отставкаға кететінін хабарлаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу