"Бір адам бір айда 19 мың теңгенің азық-түлігін тұтынған"

874

Ең төменгі күн көріс мөлшерінің құрылымы қандай? 

"Бір адам бір айда 19 мың теңгенің азық-түлігін тұтынған"

Қаңтар айында қазақстандықтардың ең төменгі күн көріс көлемі 33,9 мың теңгеге жеткен. Статистика комитетінің ақпаратына сенсек, бұл былтырғыдан 12,7%  артық.
Ranking.kz күн көріс мөлшерінің құрылымын талдаған ақпарат жариялады. 

"Ең төменгі күн көріс деңгейінің құрылымында азық-түлік себетіне 18,6 мың қарастырылған. Қалған 15,2 мың теңге азықтық емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалуы керек",  деп жазады портал.

Өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіш Маңғыстау облысында (38,9 мың теңге).  Бұл республикалық көрсеткіштен 14,7% жоғары деген сөз. Екінші орында – Нұр-Сұлтан қаласы (37,3 мың теңге). Үшінші орындағы Алматы қаласында ең төменгі күн көріс мөлшері 36 мың теңге болған.

Күн көріс мөлшері ең мардымсыз өңірлер  Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстары.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу