Бір адам ет алуға 212,4 мың теңге жұмсайды – Ұлттық статистика бюросы

90

Былтыр қазақстандықтар азық-түлік сатып алуға орташа есеппен 672 155 теңге жұмсаған.  

Бір адам ет алуға 212,4 мың теңге жұмсайды – Ұлттық статистика бюросы Фото: gov.kz

Мұндай деректі ұлттық статистика бюросы таратты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, бұл сома адамның жалпы тұтынушылық шығындарының 56,9%-ын құрайды.

Жылдық жалпы шығын шамамен 1,2 млн теңгеге жеткен:

  • Тамақтың ішінде ең көп қаражат ет пен ет өнімдеріне кетеді – жылына орта есеппен 212 440 теңге.
  • Екінші орында нан өнімдері мен жарма – 90 521 теңге.
  • Сүт өнімдеріне – 65 260 теңге жұмсалады.
  • Балық пен теңіз өнімдеріне – 27 203 теңге кетеді.

Қалған қаражаттың бір бөлігі күнделікті қажетті тауарларға жұмсалады –269 139 теңге (22,8%).

Ал ақылы қызметтерге 240 143 теңге немесе жалпы шығынның 20,3%-ы кетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу