Қалалық мәслихаттың шешіміне сәйкес, енді тіркеу кезінде тұрғын үйдің жалпы ауданы ескеріледі. Бір адамға кемінде 15 шаршы метр тұрғын үй аумағы қарастырылуы тиіс, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жаңа тәртіп бір мекенжайға көп адамның жаппай тіркелуіне жол бермеу үшін енгізіліп отыр. Бұл талап меншік иесінің жақын туыстарына қолданылмайды.
Яғни, белгіленген нормадан тыс жұбайын, балаларын және олардың отбасын, сондай-ақ қамқорлығындағы немесе асырауындағы адамдарды тіркеуге болады.
Жаңа норма қаланың әр ауданындағы нақты тұрғындар санын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мектептер мен емханалармен қоса, әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылымға түсетін жүктемені нақты бағалап, қажетті ресурстарды тиімді жоспарлауға қажет.