Бір айда есірткі трафигінің 6 халықаралық және 12 өңірлік арнасы жойылды – ҰҚК

505

Маусым айында өзге елдердің мамандарымен брігіп 21 есірткіге қарсы операция жүргізілді, деп хабарлады ҰҚК-нің баспасөз қызметі.

Бір айда есірткі трафигінің 6 халықаралық және 12 өңірлік арнасы жойылды – ҰҚК

"Ағымдағы жылдың маусым айында ҰҚК 21 есірткіге қарсы операция, оның ішінде Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанның арнайы қызметтері мен құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізді. Есірткі трафигінің 6 халықаралық және 12 өңірлік арнасы жойылды. Синтетикалық есірткі өндіретін 3 жасырын зертхананың қызметі бейтараптандырылды", – деп жазылған хабарламада.

Арнайы операциялар барысында 31 күдікті ұсталған. Заңсыз айналымнан 120,6 кг есірткі, оның ішінде 61,8 кг синтетикалық есірткі (206 мың "бір реттік дозаға" баламалы), 6 кг марихуана, 52,7 кг гашиш тәркіленген. Бұдан басқа, психотроптық заттарды дайындауға арналған 6000 экстази таблеткасы және 2 тоннадан астам химиялық реагенттер айналымнан шығарылған.

"Маусым айында алынған есірткінің жалпы сомасы "қара нарықта" 1.3 млрд теңгеден астам бағаланады. Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғасуда", – дейді комитеттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу