Бір айда Каспий жағасында 30 мың саяхатшы демалған

908

Бір айда Каспий жағасында 30 мың саяхатшы демалған

Жаз басталғалы Ақтауға теңізге түсуге келетіндер саны артты. Бір айдың ішінде 30 мың саяхатшы қарт Каспийдің жағасында демалған, деп хабарлайды 24.kz.

Теңізді жағалай 45 шақырымға инженерлік желілер тартылып, демалыс орындарына газ, су мен тоқ жетті. 2 шақырымдай жағажай абаттандырылып, халықтың тегін демалуына мүмкіндік жасалды.

Ақтауда аптап ыстықтың беті қайтар емес. Күннің қызуынан тіпті теңіз суы қайнап тұр, 30 градусқа жеткен. Қатты ыстықтан қажыған халық теңізден сая іздеп, жағалауға ағылуда. Мұнда адамның көптігі соншалық, жағажайда көлік қоятын орын жоқ.

Биыл Каспийге түсушілер қарасының көбеюіне "Жағажайды дамыту" бағдарламасының іске асуы да түрткі болған. Қала іргесіндегі 1 шақырымнан астам жағажай абаттандырылып, халық игілігіне берілді. Мұнда суға түсіп, отбасымен тегін демалуға барлық жағдай жасалған. Дәмханалар, автотұрақ, дәретхана салынып, теңізді тамашалауға бағытталған түрлі қызметтер көрсетілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу