Жайсыз хабар туралы ең бірінші мектеп директоры өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кадрлардан оның көзі тұсының қанағанын, көлігінің қатты соғылғанын және жедел жәрдем көлігінде жатқанын байқау қиын емес.
– Қайта туған күн. Аман болайық, бір Алла сақтады. Маған түкіріп қоясыздар-ау, – деп жазды ол.
Жол апаты туралы естіген әлеуметтік желі қолданушылары директорға тезірек сауығып кетуін тілеп, сансыз пікір қалдырып жатыр. Қазіргі уақытта Ақмоншақ Нұртазаның бұл видеосы 3,2 миллионнан аса қаралым жинаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу