Бір апта ішінде АҚШ-та 68 мың бала COVID-19 жұқтырды

514

Жыл басынан бері 5,9 миллионнан астам кәмелетке толмаған бала ауруға шалдықты. 30 маусым мен 7 шілде аралығында  АҚШ-та 68 мың бала COVID-19 дертіне шалдықты, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Бір апта ішінде АҚШ-та 68 мың бала COVID-19 жұқтырды Фото: reuters.com

Америкалық педиатрия академиясы және балалар ауруханалары қауымдастығының дерегінше, пандемия басталғаннан бері елде 13,8 миллионнан астам бала коронавирус жұқтырған, соңғы төрт аптада 295 мың баладан инфекция анықталды.

Жыл басынан бері 5,9 миллионнан астам кәмелетке толмаған бала ауруға шалдықты. Бұл – елдегі барлық науқастардың 18,7%-ы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустық пандемияның әзірге бәсеңдемегенін, науқастар санының соңғы екі аптада 30%-ға өскенін мәлімдеді. 

"Мен COVID-19 жұқтырғандар санының өсіп жатқанына алаңдаймын. Бұл фактор денсаулық сақтау жүйелері мен медицина қызметкерлеріне ауыртпалық түсіреді. Сонымен қатар өлім-жітімнің көбею тенденциясы да алаңдатады", – деді ДДСҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу