Бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы 0,2% -ға өсті

1362

Қымбаттаған өнімдердің ішінде қырыққабат, картоп, қарақұмық, сәбіз, күріш, қант бар.

Бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы 0,2% -ға өсті

2022 жылғы 5 қаңтардан 11 қаңтарға дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 0,2% -ға өсті, деп жазды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Қырыққабаттың құны 4,3%-ға, картоп, қарақұмық – 0,4%-ға, сәбіз – 0,2%-ға, күріш – 0,2%-ға, күріш – 0,1%-ға, қант – 0,1%-ға, тұз – 0,1%-ға қымбаттады.

Нан, макарон, күнбағыс майы, сиыр еті, сүт, айран және сүзбе бағасы бұрынғы деңгейде қалды.

Ұн, пияз және жұмыртқа бағасы сәл төмендеді – 0,1%.

2021 жылдың желтоқсанында азық-түлік тауарлар бағасы айына 0,6%-ға және жылына 9,9%-ға өсті.

Айлық контексте Ақтөбе облысында бағасының ең жоғары өсуі (1,2%) тіркелді. Ең төменгі динамика Қызылорда облысында (0,1%) байқалды.

Азық-түлік өнімдерінің жыл сайын динамикасында барлық санаттар бойынша Маңғыстауда (11,8%), Ақмола (10,9%) және Ақтөбе (10,7%) өңірлерінде баға ең жоғары. Жемістер мен көкөністер жылына 10,6%-ға және айына 1,9%-ға қымбаттады. Оның ішінде жаңа піскен маусымдық жемістердің құны жылына 3,5%-ға, көкөністер 17,1%-ға артты.

2021 жылы желтоқсанда лимон бірден – 15,8%-ға, банан – 8,6%-ға, алма – 0,9%-ға дейін қымбаттады. 

Көкөністер мен жемістердің ішінде картоп бағасы бірден 73%-ға өскен еді. Кейін көрсеткіш қайта төмендеді. 

2021 жылы сүт өнімдерінің бағасы 7,3%-ға өсті. Пастерленген майлылығы 2,5% сүт литріне 3,2% – 4%-ға, ал майлылығы 3,2% сүт – 4%-ға қымбаттады. 

Ет және ет өнімдерінің бағасы 2020 жылғы желтоқсанға қарағанда 10,7%-ға өсті. Сиыр еті 2,2 мың теңге, қой еті – 2,4 мың теңге, шошқа еті – 1,8 мың теңге, консервіленген ет – 2,6 мың теңге, тауық еті – 1,1 мың теңгені құрады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу