Бір апта ішінде Украинадан 1 миллион босқын бас сауғалап қашты – БҰҰ

1180

Басым бөлігі Польшада.

Бір апта ішінде Украинадан 1 миллион босқын бас сауғалап қашты – БҰҰ Фото: reuters.com

Бір апта ішінде Украинадан кеткен босқындар саны 1 миллионға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz БҰҰ-ның босқындар жөніндегі Жоғарғы комиссары Филиппо Грандидің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Небәрі жеті күннің ішінде осынша адамның Украинадан бас сауғалап қашып кеткеніне куә болдық", – деді ол.

2 наурызда Чехия үкіметі Украинадан ағылған босқындар легіне байланысты елде төтенше жағдай режимін енгізетінін хабарлады. Режим 4 наурыз күшіне енеді.

Бұған дейін БҰҰ Ресей Федерациясының Украинадағы "арнайы операциясы" басталысымен елден кеткен украиналықтардың санын жариялады. Ресми дерек бойынша, 2 наурызда 836 мың адам басқа елдерге қоныс аударды. Олардың шамамен 450 мыңы Польшаға қашқан.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу