Атырау облысында бүтін бір отбасының өліміне себеп болған Сұлтан Сарсемалиевтің әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваның балаларымен кездескен кезде түсірілген видео тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан Ақбаян Мұқанғалиеваның жасөспірімдерді бейімдеу орталығында тұрып жатқан балаларымен сағына қауышқан сәтін байқауға болады.
Қазір Ақбаян туыстарының қарауында. Балаларымен араласуы оның эмоционалдық жағдайына оң әсер етіп, психологиялық тұрғыдан қалпына келуіне сеп болуы мүмкін.
Туыстары оның емделуі мен оңалуына қажетті жағдай жасап жатыр. Олар Ақбаянның біртіндеп толықтай қалпына келіп, балаларымен бірге қалыпты өмірге оралатынынан үмітті.
Еске салайық, қыркүйек айының басында Сұлтан Сарсемалиевті өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім күшіне енді. Ата-енесі мен әйелінің бауырларын өлтірген сотталушы апелляциялық шағым жазған жоқ.