"Бір ғана шартым бар": Пашинян биліктен өз еркімен кетуге дайын

1271

Ол бейбітшілікті орнату үшін Әзербайжан президенті Әлиевпен келісімге қол қою қажет деп санайды.

"Бір ғана шартым бар": Пашинян биліктен өз еркімен кетуге дайын Фото: armenpress.am

Oragark басылымының жазуынша, Армения премьер-министрі Никол Пашинян Парламентте үкімет сағаты барысында оппозицияға сөйлеген сөзінде ол қандай жағдайда қызметтен кететінін нақты айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сіздер мені қызметтен кетіру керек деп отырсыздар. Өте жақсы, референдумға барамыз. Екі жағдайда да мен кетемін. Халық конституцияны қолдамаса мен кетемін. Халық конституцияны қолдаса, мен бейбіт келісімге қол қоямын, оны ратификациялаймыз, бейбіт процестің бірқатар тармағын жүзеге асырамыз, одан кейін мен кетемін", – деді ол оппозицияға қарата.

Сонымен қатар Премьер-министр Әлиевпен бұрын қол қойылған Вашингтон декларациясын еске сала отырып, келесі бір құжаттың қажеттілігіне тоқтады.

"Мен Әлиевпен құжатқа қол қоюым керек. Мен бұған дейін біреуіне қол қойғанмын. Бейбітшілік мәңгі болу үшін тағы бір құжатқа қол қоюым қажет", – деді Пашинян.

Пашинян оппозиция күштерге ниеттерінің нақты екенін дәлелдеуді ұсынды.

"Мені қызметтен кетіргіңіз келсе, өте жақсы, мен сіздерге ұсыныс жасаймын – кетіріңіздер, шынымен кетіргіңіз келетінін дәлелдеңіздер", – деді Пашинян. 

Пашинянның сөзінше, егер оппозиция конституция жобасын референдумға шығаруға келіспесе, кезектен тыс парламенттік сайлау өтеді. Ал қазіргі парламенттік оппозиция оған қатысуға жіберілмейді.

"Сіздер мені кетірмесеңіздер, мен сіздерді кетіремін", – деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу